RU
Елімізде ұсталған қырғыз депутаты Қазақстан азаматы болып шықты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елімізде ұсталған қырғыз депутаты Қазақстан азаматы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутатында Қазақстан азаматтығы бары расталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дамирбек Асылбек уулу. Фото: Fergananews.com

Дамирбек Асылбек уулу. Фото: Fergananews.com

СІМ ақпарат департаментінің басшысы Мурат Азымбакиевтің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, Қазақстан көрші елге Дамирбек Асылбек уулында Қазақстан азаматтығы бары туралы нота жолдаған.

"Қазақстан жағы бізге Дамирбек Асылбек уулында Қазақстан азаматтығы бары туралы ресми ақпарат жолдады", дейді Мурат Азымбакиев.

Айта кетейік, Қырғызстан заңы бойынша, қос азаматтық алған адам депутат болып сайлана алмайды.

Сондай-ақ, басқа елдің азаматтығын иеленгені анықталған депутат мандатынан айырылады.

Бұдан өзге, Қырғызстан заңы бойынша, өзге елдің азаматтығын алғанын жасырған мемлекеттік қызметкер қылмыстық жауапқа тартылады.

Еске ала кетейік, өткен аптаның соңында Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында арнайы органдар "контрабанданың жолын кесу" операциясын жүргізгенін хабарлаған.

Операция барысында 35 адам, оның ішінде Қырғызстанның төрт азаматы ұсталған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
2
1
5
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір