RU
Алматы облысында ақша жинаудан мезі болған мұғалім жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында ақша жинаудан мезі болған мұғалім жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Іле ауданы №17 орта мектебінің ұстазы Айнұр Күленбаеваны мектепте ақша жинауға қарсы шыққаны үшін қудалауға түскен. Бұл бассыздықтан мезі болған ол Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Ляззат Базарқұловаға ашық хат жолдады деп хабарлайды «Dalanews.kz» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айнұр Күленбаева. Фото: dalanews.kz

Айнұр Күленбаева. Фото: dalanews.kz

16 жылдық тәжірибесі бар, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айнұр Күленбаева шындықты айтамын деп, қызметінен айырылуға шақ қалып отыр. Көпбалалы ана үндемеген сайын басшылықтың мойынға отырып алатынын алға тартты.

«Мектептерде ата-аналар мен ұстаздардан ақша жиналмасын» деген заң бар екен. Бірақ, оның орындалуын кім бақылап жатыр? Ақша әлі де жиналуда. Мен соның құрбаны болдым. Ақша қоспадың екен, қудалайды. Айтылған күні кешке дейін тауып беру керексің. Кешіктің екен, директордың «қара тізіміне» ілігесің. Іліктің екен, одан қайтіп шығу қиын», - деген Айнұр, қудалаудың қалай жүзеге асатынын да жайып салды

«Қудалау қалай жүреді, айтайын ба? Алдымен ұстаздардың атынан арыз түсіреді, артынан ата-аналарды саған қарсы қояды. Не үшін? Сені жұмыстан шығару үшін. Айтқан ақшасын дер кезінде әкеп тапсырмағаның үшін алатын жазаң осындай», - деп күйінді ұстаз.

«Қазан айында аттестациялық комиссия келеді. Соған бір-екі күн мұрсат берем, әр мұғалім 27 мың теңгеден жинайсыңдар. 20 мыңды қалталарына саламыз. Бес мыңды тамағына жұмсаймыз. Екі мың жолдарына кетеді», - деп ақша жинаған №17 мектептің директоры Мәрия Шакарова.

Ал Айнұр, айтылған соманы тауып бере алмаған. «Мен жалақыға дейін күте тұрыңыз» деп директорға кірдім. Өйткені 27 мың мен үшін өте көп. Оның күте алмайтыны белгілі. Осылайша мен қара тізімге ілігіп, қудалау басталды», - дейді ұстаз.

«Директордың «сенімді адамдары» болады. Қолшоқпарлары. Айдауымен жүріп, айтқанына көнетіндер. Солар «бүлдіреді» бәрін. Қажетті ақшасын дер кезінде тауып бере алмағасын, мені қудалай бастады. «Сенімді адамдар» ата-аналардың атынан маған шағым түсірді. Бір-екі рет себепсізден сабағымның үстіне кіріп келді.Мен қарызға он мың теңге тауып, қолдарына ұстаттым. Бірақ, бәрібір мені жұмыстан шығаруға шаралар қолданыла бастады», - дейді Айнұр.

Сөйтіп ол директордың үстінен құзырлы органдарға арыз жазған. Ал құзырлы органдар Мәрия Шакарова есімді директорды дәлелмен ұстап, жеті жылға соттамақ болған.

«Мен директорды аяп, арызымды кері алдым. Сосын Шакарова қайтадан жұмысқа оралды, мұғалім болып. Сосын мені қайта қудалады. Жаңадан келген директор Жанат Имашева да бұл іске кірісті. Қазір басшылықпен алысамын ба әлде жұмысымды жасаймын ба, білмеймін. Шаршап біттім», - ден Айнұр Күленбаева.

Айта кететіні, Айнұрмен әріптестері де араласудан, бірге тамақтанудан қалған. Себебі, қара тізімге ілігіп кетуден қаймығады екен.

«Мен ақша жинауға қарсымын. Ақша жинау туралы әңгіме болса мен сөйлеймін. Біздің мектепте Екі мыңға тарта бала оқиды. Есептеңіз, әр баладан екі мың теңгеден жинағанда екі миллион теңгеге шығады.

Жоғарыда айтқан комиссияға мектебіміздегі 150-ге тарта мұғалім 27 мың теңгеден жинап берді. Есептей беріңіз…» - дейді кейіпкер. Сондай-ақ ол Алматы облысы білім басқармасының басшысы мұны назарға алады және тиісті шешім шығарады деген үмітте.

Сіздің реакцияңыз
40
6
16
12
9
21
21
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel