RU
Головкиннің бұрынғы бапкері: Қазір GGG-дің орнын басатын отандық боксшы жоқ
Жаңалықтар Қоғам

Головкиннің бұрынғы бапкері: Қазір GGG-дің орнын басатын отандық боксшы жоқ

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Ғалым Кенжебаев Vesti.kz-ке берген сұхбатында ешқандай отандық боксшы оның орнын әлемдік аренада алмастыра алмайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин
Source: UGC

Айта кетейік, әйгілі боксшының бапкері болған Ғалым Кенжебаев қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады.

"Әрине, бұл жерде біздің боксшылардың шамына тиіп кетпеу керек, бірақ оны дәл қазір ешкім алмастыра алмайды. Түсінесіз бе Головкин мен Сәпиев - тума дарын, ондайлар тым аз, олардың деңгейі қазіргі жас буынға қарағанда әлдеқайда жоғары. Головкин кәсіпқой боксқа есейген жасында кетті, оған дейін ол талай жарыстарды көрді, оның шінде Олимпиада ойындары да бар. Әуесқойда жүріп-ақ мамандар оның кәсіпқой бокста чемпион болатынын көре білді. Мұндай жарқын боксшылар өте аз.
Қазір айтылып жүргендердің арасынан Мейірім Нұрсұлтанов пен Қанат Исламды айтуға болады. Мейірім жас боксшы және ол туралы айту әлі ерте. Алайда оның потенциалы бар, елемеуге болмайды. Қанат болса ұзақ жылдар бойы өз жолын таба алмай жүрді. Промоутер ауыстыруы оған жақсы сеп болады дегенге сенемін. Ол қазіргі көрсетіп жүрген деңгейінен әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетінен сенемін. Биік белестерден көрінуі тиіс", - дейді ол.

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің шешімімен тең аяқталып еді. Енді қос боксшының арасындағы реванш 5 мамырда өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
2
3
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel