RU
Министрліктен кеткен Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министрліктен кеткен Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Министр қызметінен кеткен Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:nurotan.kz

Фото:nurotan.kz

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды.

Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

"Сіздің әлеуметтік саладағы бай тәжірибеңіз партия жұмысына игі әсерін тигізеді деп есептеймін. Себебі, әлеуметтік мәселелерді шешу «Нұр Отан» партиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сіздің партия қатарына келуіңізбен осы бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтеміз деп сенемін", – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
3
3
6
4
30
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel