RU
Қамауда отырғандар өлім аузында жатқан күзетшіні құтқарып қалды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Қамауда отырғандар өлім аузында жатқан күзетшіні құтқарып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Техас штатындағы Уэтерфорд түрмесінде бұрынғы күзетші сотталған азаматтарға өзін құтқарып қалғандары үшін алғысын айтты деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Гэри Гримм 2016 жылы түрменің қарауылдап жатып есін жоғалтқан. Ал қамауда отырған азаматтар басқа қызметкерлерді бірден көмекке шықырып, өздері де жедел әрекетке кіріскен.

Гримм ауруханадан емделіп шыққаннан кейін оның жұмысын басқа түрмеге ауыстырып жібереді. Осылайша ол өзін құтқарған азаматтарға алғыс айтып үлгермепті.

"Егер олар маған қастандық ойласа, ешнәрсе істемей-ақ отыра берер еді. Мені олардың есірткі қолданатындары не қолданбайтындары қызықтырмайды. Бастысы олар - адам. Мен оларға сот емеспін. Сондықтан олардың қандай қылмыс жасағандары да мен үшін маңызды емес", - дейді азамат.

Оның айтуынша, қамаудағы азаматтар оның өлгенін күтіп, амалын тауып өздері қашуына болатын еді. Бірақ олар адамгершілік танытып, қиналып жатқанға көмек қолын созған.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
2
0
29
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel