RU
Қазақстан жемқорлық дендеген елдердің рейтингінде нешінші орында тұр?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан жемқорлық дендеген елдердің рейтингінде нешінші орында тұр?

Рассказать Вконтакте

Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 122-ші орынға тұрақтады. Бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда оңды көрсеткіш.

Қазақстан жемқорлық дендеген елдердің рейтингінде нешінші орында тұр?

Қазақстан жемқорлық дендеген елдердің рейтингінде нешінші орында тұр?

ТрансПеренси Интернейшнл ұйымының рейтингісінде еліміз 31 балл жинаған. Мәселен, 0 ден 100-ге дейінгі баллмен өлшенетін зерттеуде 0 - жемқорлық дендеген ең жоғары, 100 - ең төменгі көрсеткіш.

Қазақстан бұл сараптауға 1999 жылдан бері қатысады.

Айта кетейік, Жаңа Зеландия, Дания, Финляндия мен Швейцария жемқорлық ұйығына батпағандардың тізімінде.

Ал Сомали, Оңтүстік Судан, Сирия жемқорлықтың шырмауына маталған мемлекеттердің қатарында.

Ауызбастырық алудан біздің шенеуніктер де құр қалып жатқан жоқ. 2016-мен салытырғанда жағдай түзелді дегенмен, Қазақстан әлі де Мали, Непал мен Молдовамен бір деңгейде.

Украина, Қырғызстан, Ресей мен Түркменстандағы жағдай тіпті мүшкіл екен. Ал Грузия, Беларусь пен Арменияның көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғарғы. Яғни мұнда парасыз да проблема шешуге болады депті рейтинг авторлары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
2
1
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір