RU
Көшеде түнеп жүрген тоғыз жасар қыздың тағдыры жұрттың жүрегін ауыртты
Жаңалықтар Әлемде

Көшеде түнеп жүрген тоғыз жасар қыздың тағдыры жұрттың жүрегін ауыртты

Рассказать Вконтакте

Францияның Лаваля қаласында биылғы қыс ерекше суық болған. Онлда жергілікті халықтан бөлек, көшеде түнейтін тоғыз жасар Фатима есімді әзірбайжан қыз әбден жаурап қалыпты деп хабарлайды haqqin.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Фатиманың отбасы Әзірбайжаннан Францияға үш жыл бұрын келген. Соңғы тоғыз айдан бері олар баспанасыз қалып, көшеде түнеп жүр екен.

"Маған көшеде тұрған ұнамайды. Біздің баспанамыз болса деп армандаймын. Кейде қонатын жер таба алмай кеткен кезде ауруханаға барып, тіркеу бөлмесінің алдындағы орындықтарда ұйықтаймыз", - дейді Фатима.

Жергілікті билік бұл отбасыға көмек ретінде Пьер де Кубертен даңғылында тегін тамақ беріп жүр. Алайда онда келушілер саны өте көп екен.

"Күн суығалы бізге күніне 70-тен астам адам келеді. Олар жылынып алып, тамақ беруімізді өтінеді", - дейді орталық қызметкерлері.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
3
35
5
12
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel