RU
5 мың долларға дейін аламын: Байзақова желіде қалай жұлдыз болғанын ашып айтты
Жаңалықтар Қоғам

5 мың долларға дейін аламын: Байзақова желіде қалай жұлдыз болғанын ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның танымал блогері атышулы Айжан Байзақова елордаға қонаққа келіп, Astana Makingmoney Summit аясында өткен әлеуметтік желілерге арналған сессияға қатысты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото Айжан Байзақованың Instagram парақшасынан алынды

Фото Айжан Байзақованың Instagram парақшасынан алынды
Source: UGC

Бойжеткен жиын қатысушыларының көкейіндегі сауалдарға жауап берді.

Сессия қатысушылары белгілі блогерден интернет арқылы қанша ақша табатынын сұрады.

"Тұрақты табысым жоқ, желідегі бір пост үшін 2 мыңнан 5 мың долларға дейін аламын. Жарнаманы жиі жасаймын деп айта алмаймын. Айына 2-3 пост қана", — деп қысқа қайырды Байзақова.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде қалай жұлдызға айналғанын айтты.

"Инстаграмға 2012 жылы тіркелдім, бас кезінде артық ештеңе жарияламайтынмын. Бір күні құрбым менің қазақ тілінде былапыт сөз айтып жатқанымды видеоға түсіріп, сториз (инстаграмдағы уақытша видео – ескерт.) жариялады. Осыдан кейін жұрт шулап, бәрі менің парақшама жазыла бастады. Біздің халыққа былапыт сөздер, ашық-шашық түскен суреттер керек. Оған дейін пайдалы дүние жазғанымда ешкім елемейтін, қызық емес өйткені", — деп ағынан жарылды бойжеткен.

Танымал блогердің айтуынша, қазақ тілінде бейпіл сөйлеу анағұрлым "тиімдірек".

"Негізі, екі тілде де – қазақша, орысша айта беруге болады. Бірақ қазақ тілінде балағаттаған жақсы", – дейді ол.

Сонымен қатар блогер әңгіме барысында жаңа бар ашқалы жатқананын да айта кетті.

Сіздің реакцияңыз
35
2
7
2
3
21
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel