Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес қыздан кейін ұлды болған Бекболат Тілеухан дүркіретіп бесік той жасады (фото)

Опубликовано:

Бес қыздан кейін ұлды болған Бекболат Тілеухан қазақы салт-дәстүрмен дүркіретіп бесік той жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бекболат Тілеухан. Фото: NUR.KZ
Бекболат Тілеухан. Фото: NUR.KZ: UGC

Қоғам қайраткерінің қуанышына өнер жұлдыздарының барлығы қатысқан. Олардың арасында айтыскерлер мен әншілер, елге белгілі тұлғалар бар.

Бекболат Тілеухан. Фото: NUR.KZ
Бекболат Тілеухан. Фото: NUR.KZ: UGC
Мұхамеджан Тазабек, Жандарбек Бұлғақов және Ернар Айдар, Ибрагим Ескендір, «Жігіттер» тобының әншілері, Тамара Асар құрметті қонақтар тізімінде.

Мәжіліс депутатының бұл қуанышында айтыс ұйымдастырылып, жаңылтпаш айтудан жарыс өтті.

Сондай-ақ, Майра Мұхамедқызы ән салып, қонақтарға бағалы сыйлықтар таратылды.

Бекболат Тілеухан. Фото: NUR.KZ
Бекболат Тілеухан. Фото: NUR.KZ: UGC
Ал бұл қуанышта Балғынбек Имашев, Сырым Әуезхан, Жандарбек Бұлғақов және Айнұр Тұрсынбаева, Тұрсынбек Қабатов асабалық қызмет атқаруда.

Айта кетейік, 51 жастағы Бекболат Тілеухан былтырғы жылдың қарашасында ұлды болған еді. Бесік тойы өтіп жатқан балақайдың азан шақырылып қойған есімі – Махмұт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718374-bes-kyzdan-kejin-ldy-bolgan-bekbolat-tileuhan-drkiretip-besik-toj-zasady-foto/

pixel