RU
Головкин: Бұл жолы төрешілердің шешімімен драма болмайды
Жаңалықтар Қоғам

Головкин: Бұл жолы төрешілердің шешімімен драма болмайды

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин: Бұл жолы төрешілердің шешімімен драма болмайды

Головкин: Бұл жолы төрешілердің шешімімен драма болмайды
Source: UGC

Айта кетейік, 5 мамырда өтетін реванш қос боксшы алғаш рет шаршы-алаңда кездескен Лас-АВегастағы T-Mobile Arena стадионында өтетін болды.

"Бұл жолы төрешілердің шешімімен драма болмайды. Мен алғашғы жекпе-жекте де жеңіске жетіп, рингтен чемпион ретінде кеткенмін. Мен екінші кездесуде де жеңіске жетуді көздеп отырым. Бұл мен үшін де, T-Mobile Arena-ға келген жанкүйерлер үшін де рекордтық жекпе-жек пен алтын түн болады", - дейді Головкин.

Ал отандасымыздың азулы қарсыласы Альваресте аянып қалмай Головкинді нокаутқа түсіретінін тағы да айтты.

"Бокс әлеміне есігін айқара аша отырып, бұл менің сүйікті аренама айналды. Барлығы осы жерден басталды және осы жерде аяқталады. Мен Головкинді нокаутқа жіберемін", - дейді Альварес.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 16 қыркүйегі күні күллі әлем күткен өткен қос боксшының алғашқы кездесуі төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Сол уақыттан бастап GGG мен "Канелоның" командалары реванш туралы келіссөздерге кірісіп кеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
3
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel