RU
Адвокат Бишімбаев ісі бойынша сотталып жатқан депутаттың ұлын дереу босатуды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Адвокат Бишімбаев ісі бойынша сотталып жатқан депутаттың ұлын дереу босатуды сұрады

Рассказать Вконтакте

Аслан Жақыпов тергеуде отырған жылдар ішінде өз жазасын алды. Бишімбаев ісі бойынша жалғасқан сот отырысында осылай деген Жақыпов адвокаты оны босатуды сұрады деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Адвокат Бишімбаев ісі бойынша сотталып жатқан танымал депутаттың ұлын дереу босатуды сұрады

Адвокат Бишімбаев ісі бойынша сотталып жатқан танымал депутаттың ұлын дереу босатуды сұрады

Оның сөзінше, мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов өзіне тағылған айыппен келісіп, берген куәліктерін өзгертпеген. Оның үстіне ол қылмыстық топ құруға қатыспаған деп отыр.

2016-шы жылы айыпталушының үйін тінту барысында қару-жарақ табылған. Адвокаттың сөзінше, оның жартысы өзіне сыйға тартылған болса, қалғаны - әкесі депутат Қабиболла Жақыповтың аңға шығатын қару-жарақтары. Сондықтан бұғатталған дүние-мүлік пен қаражатты да иесіне қайтаруды сұрады.

"Бүгін оның кенжесі 2 жасқа келді. Қорғауымдағы азамат баласын әлі көрген де жоқ. Ол тиісті жазасын алды деп есептейміз. Сондықтан оны және тінту барысында алынған, анасына тиесілі 160 мың доллар мен 20 мың еуроны және ата-анасының ақшасына алынған пәтерді, сыйға берілген қару-жарақтарын, жер учаскесін қайтарып беруіңізді өтінеміз", - дейді Аслан Жақыповтың адвокаты Галина Алигожина.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Аслан Жақыповты пара алу бойынша кінәлі деп тауып, оны 2,5 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір