RU
Ғалымдар ішімдіктің адамға тигізер тағы бір залалын анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар ішімдіктің адамға тигізер тағы бір залалын анықтады

Рассказать Вконтакте

Франция мен Канаданың бір топ ғалымы маскүнемдіктің ақыл-ес кемістігіне алып келу қаупі зор екенін анықтады. Зерттеу нәтижесі The Lancet Public Health журналында жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Ғалымдар Франциядағы ауруханаларда ем қабылдаған 57 353 адамның медициналық көрсеткіштеріне талдау жүргізген. Зерттеуге қатысқан науқастардың бәрінде деменция (ақыл-ой кемістігі) ауруының бастапқы кезеңі анықталды.

Зерттеу кезінде белгілі болғандай, науқастардың 38,9 пайызы ішімдікке қатты әуес болған, 17,6 пайызы маскүнемдік салдарынан түрлі дертке шалдыққан.

Осылайша, деменциямен ауыратын пациенттердің 56,5 пайызында сырқаттың ішімдікпен тікелей байланысы анықталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл тұжырым ер адамдарға да, әйелдерге де қатысты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
3
4
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір