RU

Олимпиада чемпионы болған Қазақстан тумасы: Өзімді 100 пайыз беларуспын деп есептеймін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан Беларусь командасында өнер көрсетіп, алтын медальді иеленген Қазақстан тумасы елге деген көзқарасын айтты. Бұл туралы sport.tut.by порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: biathlon.by

Фото: biathlon.by

Динара Әлімбекованың сөзінше, ол өзін 100 пайыз беларуспын деп есептейді.

"Отбасым Абайдан Чаусға мен небары үш жаста болғанда көшіп кетті. Қазақстанда өткен жылдарым есімде жоқ. Жарыс жолына қазақстандық спортшылармен қатар шыққанда жан дүниемде ешқандай өзгеріс байқамаймын. Менің бүкіл саналы ғұмырым Беларуссиямен байланысты, өзімді 100 пайызға беларуспын деп есептеймін", - дейді ол.

Айта кетейік, Динара Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Бойжеткеннің әкесі - қазақ, анасы - беларусь.

Кешегі Пхенчхан төрінде биатлоннан 4х6 шақырымдық әйелдер эстафетасында құрамында Динара Әлімбекова Надежда Скардино, Ирина Кривко және Дарья Домрачева өнер көрсеткен Беларусь құрамасы жеңімпаз атанды.

Бұл сайыста күміс медальды швед биатлоншылары, қоланы Франция құрамасы иеленді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Олимпиада чемпионы болған Қазақстан тумасы: Өзімді 100 пайыз беларуспын деп есептеймін
Mailfire view pixel