RU

Отандық жұлдыздар жастардың бойындағы қай қасиетті ұнатпайды?

Еліміздің жұлдыздары қазіргі жастарға риза емес көрінеді. Әсіресе бойында мақтаншақтығы бар, әлеуметтік желіге тәуелді ұрпаққа қатысты отандық әншілер өз пікірін білдірді деп хабарлайды «Хит-ТВ» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымжан Молданазарға адамдарды сынайтын жаман әдеті бар адамды ұнатпайды екен.

Ғалымжан Молданазар. Фото: baistars.kz
Ғалымжан Молданазар. Фото: baistars.kz: UGC
«Сол себептен ешкім мінсіз емес. Ешкімді жамандағым келмейді», - деп қысқа қайырды әнші.
Асан Пердешов. Фото: downloadatoz.com
Асан Пердешов. Фото: downloadatoz.com: UGC
Ал Асан Пердешов: «Азаматтардың еркектік қасиетінен айырылып бара жатқаны ұнамайды. Өтірік сөз айтатындар, тәнін жалаңаштап, ақшаның соңында кеткен адамдарды ұнатпаймын», - деді.
Тұрар Рахымберлин. Фото: Comode.kz
Тұрар Рахымберлин. Фото: Comode.kz: UGC

Тұрар Рахымберлинге жігіттердің ішімдік ішіп, мақтанып жүретін азаматтарды ұнатпайды екен.

«Ал арулардың Instagram желісіне тәуелді болғаны және барлығының бірдей сурет қылып салып алған қастары ұнамайды. Жалпы айтқанда өзін-өзі дамыту, кітап оқуды жастар ұмытып барады», - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718423-otandyk-zldyzdar-zastardy-bojyndagy-kaj-kasietti-natpajdy.html