RU
Көгершінді өлтірген азамат бес айға сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Көгершінді өлтірген азамат бес айға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

22 ақпан күні Ресейдің Омск қаласының тұрғыны көгершінді өлтіргені үшін бес айға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

31 жастағы азамат мас күйінде футбол алаңшасында ұшып жүрген құсты айырсадақпен атып, содан кейін балалардың көзінше оның басын кесіп тастаған.

Шошынып қалған балалар өліп жатқан құсты суретке түсіріп алып, желіде таратады.

Құсты өлтірген азамат бұрын да жеңіл қылмыстары үшін түрмеде отырып шыққан екен. Ол сот отырысында өз кінәсін толық мойындады.

Қылмыскерге үкім шығарған сот төрағасы оның екі баласы барын және денсаулық жағдайын ескерген.

Енді ол бес ай бойы аталған өңірден әрі шыға алмайды және арнайы есепке тұруға міндеттеледі.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel