RU
Лукашенко Олимпиада чемпионы болған қазақ қызын марапаттады
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Лукашенко Олимпиада чемпионы болған қазақ қызын марапаттады

Рассказать Вконтакте

Беларусь президенті Александр Лукашенко 2018 жылғы қысқы Олимпиадада биатлон эстафетасында жеңіске жеткен Динара Әлімбекова, Надежда Скардино, Дарья Домрачева және Ирина Кривконы "Жеке ерлігі үшін" орденімен марапаттады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алексей Филиппов

Фото: Алексей Филиппов

Беларусь биатлоншылары 22 ақпанда әйелдер эстафетасында үздік атанып, өз еліне Пхенчхан Олимпиадасының екінші "алтынын" сыйлады.

Биатлоншыларды Беларусь президенті Александр Лукашенко құттықтап үлгерді. Мемлекет басшысы қыздарды "Жеке ерлігі үшін" орденін тапсырды, ал Әлімбекова, Скардино мен Кривко еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды.

"Қыздар, сіздер нағыз ерлік жасадыңыздар! Әрқайсыңыз ел намысы сынға түскен сәтте аянып қалған жоқсыздар", – деді Лукашенко.

Динара Әлімбекова 1996 жылы Қазақстанда туған. Әкесі – қазақ, анасы – беларусь. Олимпиада чемпионы үш жасында отбасымен бірге Белоруссияға көшіп кеткен.

Айта кетейік, спортшы қыз Қазақстанға деген көзқарасын білдіріп, өзін 100 пайыз беларусь санайтынын айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel