RU
Дәрігерлер үнділік жігіттің басынан екі келі қатерлі ісікті алып тастады (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Дәрігерлер үнділік жігіттің басынан екі келі қатерлі ісікті алып тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Үндістанда дәрігерлер салмағы екі келіге жуық әлемдегі ең үлкен қатерлі ісікті алып тастады. Бұл дерт науқастың басында үш жыл бұрын пайда болып, өсуін тоқтатпаған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сантал Пал

Сантал Пал
Source: UGC

Үндістан тұрғыны 31 жастағы Сантал Палдың басында пайда болған салмағы шамамен 1,8 кг-ды құрайтын ісікке дәрігерлер ота жасады

Сантал осы уақытқа дейін үш ауруханаға барған. Бірақ оған ешкім көмектесе алмапты. Басындағы ісіктің әсерінен ер адам көру қабілетінен айырылған. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша операциядан соң жігіттің көзі қайтадан қалыпқа келеді.

Хирургтардың жігітке операция жасалмаған жағдайда оның толығымен сал ауруына шалдығуы әбден мүмкін еді деп отыр.

«Толығымен сауығып кету – уақыттың еншісінде. Дегенмен емделушінің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мұндай медициналық мәселелер өте маңызды», - деді хирург Тримурти Надкарни.

Дәрігерлердің айтуынша бұл ісік әлемдегі ең үлкен қатерлі ісік ретіндже тіркелген. Мумбайда өткен операция алты сағатқа созылыпты.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
0
3
5
2
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel