RU
Қызымен келе жатқанда әйелді соққыға жыққан ер адам желіні дүрліктірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қызымен келе жатқанда әйелді соққыға жыққан ер адам желіні дүрліктірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде белгісіз ер адамның қызымен келе жатқан әйелді балағаттап, теуіп кеткен видеосы тарап кетті. Аталмыш видео Intagram-дағы esil.media парақшасында жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазбада оқиға 21 ақпанда кешкі сағат 8-дер шамасында Петропавл қаласында орын алған деп көрсетілген. Instagram парақшасындағы бейнежазбаға сәйкес, алдымен ер адам мен келіншектің сөзге келіп қалғаны байқалады.

Видеодан әлгі әйелден өш алмақ болған азаматтың, оны сауда орталығы сыртында әдейі күтіп тұрғанын байқауға болады. Кейін келіншек сауда орнынан шыққан бойда, ер кісі қолында бөтелкелері бар сөмкемен ұрмақ болып, әйелге қарай тұра жүгіреді.

Сосын алдымен оны аяқпен теуіп, кейін оны соққыға жығады. Тәртіп бұзған азаматқа келіншектің қызы да кедергі болмайды. Анасын қорғамақ болған бойжеткенді итеріп жіберіп, тағы да қол көтереді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
13
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel