RU

Қысқы Олимпиада: 15 жастағы татар қызы Ресейге алғашқы алтынды алып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 23 ақпан күні Пхенчхандағы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы сайыс өз мәресіне жетті. Онда 15 жастағы татар қызы Алина Загитова Ресейге алғашқы алтынды алып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Алина Загитова, фото: Р-спорт

Алина Загитова, фото: Р-спорт

Қысқа бағдарламадан соң алда тұрған Алина Загитова бірінші орынды ешкімге берген жоқ. Ол жалпы есепте 239.57 (82.92 + 156.65) ұпай жинап, 15 жасында Олимпиада ойындарын жеңіп алды.

Ал екі жыл бойы Ресейге мәнерлеп сырғанаудан барлық алтынды алып берген Евгения Медведева өз командаласынан бір ұпайға қалып қойды. Медведева 238.26 (81.61 + 156.65) ұпаймен Олимпиаданың күмісін иеленсе, канадалық Кэйтлин Осмонд қола жүлдегер атанды.

Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында өткен сайысқа Қазақстан спортшылары да қатысып, олардың бірі ғана - Элизабет Тұрсынбаева (177.12) ойында 12-ші орынға табан тіреді. Ал Айза Мамбекова мәнерлеп сырғанаудың қысқа бағдарламасында-ақ жарыстан шығып қалған.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қысқы Олимпиада: 15 жастағы татар қызы Ресейге алғашқы алтынды алып берді
Mailfire view pixel