RU
Танымал модель балалары мен күйеуін атып, өзіне қол жұмсаған
Жаңалықтар Әлемде

Танымал модель балалары мен күйеуін атып, өзіне қол жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Мичигандық модель Лорен Стюарт жұбайын және ересек екі баласын атып өлтірген соң өзіне қол жұмсаған. Әйелдің құрбысы жұбайлардың осы күнге дейін ұрыс-керіссіз, тату өмір сүргенін айтты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Лорен Стюарт. Фото: life.ru

Лорен Стюарт. Фото: life.ru

Лореннің туыстарыбірнеше күн хабарсыз кеткендіктен мазасызданып, полицияға олардың үйін тексеруге өтініш берген. Осыдан кейін тәртіп сақшылары модельдің Кеего Харбордағы үйінен төрт адамның өлі денесін табады. Онда Лорен, қырық жеті жастағы күйеуі Даниэл, 27 жастағы баласы Стивен және 24 жастағы қызы Беттаниді тапқан.

Лорен Стюарт. Фото: life.ru

Лорен Стюарт. Фото: life.ru

Модельдің марқұм болған балалары коледж студенттері екен. Ал күйеуі Даниэл архитектор болып жұмыс істеген. Лорен желідегі парақшасында өзінің модель әрі жаттықтырушы болып қызмет ететінін көрсеткен.

Лореннің жақын құрбысы жұбайлардың бір апта бұрын «бақытты отбасы» болып көрінгенін және кішігірім отбасылық кикілжіңнің де болғанын жасырмады.

Кей мәліметтерге сүйенсек, жұбайлар аз уақыт бұрын белгісіз бір сектаның құрамында болып, балаларының білім алуына шектеу қойған. Осыдан кейін адасқан жолдарынан әзер шығыпты.

Лорен Стюарт. Фото: life.ru

Лорен Стюарт. Фото: life.ru

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
0
0
12
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel