RU
Аң менен аңшы: «Air Astana» Ұлықпан Жолдасовты ұятқа қалдырды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аң менен аңшы: «Air Astana» Ұлықпан Жолдасовты ұятқа қалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі композитор, продюсер, әнші Ұлықпан Жолдасовтың «Ән мен әнші» әнін «Air Astana» ұшағында «Аң мен аңшы» деп көрсеткен. Бұл жайында NUR.KZ порталына оқырмандардың бірі хабарлады.

Ұлықпан Жолдасов. Фото: NUR.KZ.

Ұлықпан Жолдасов. Фото: NUR.KZ.

Сайтымызға оқырман жіберген сурет «Air Astana» ұшағында түсірілген. Сондай-ақ, тек бір ғана әнде емес, «Ақ қанат құсым» әнінің атауында да орфографиялық қателіктер кетіпті.

Осы орайда "NUR.KZ" порталы «Air Astana» әуе компаниясынан жіберілген қателіктерге байланысты пікір беруін сұраған еді.

«Эйр Астана» борттық ойын-сауық жүйесіндегі жіберген қателіктеріне өкінеді. Алдағы уақытта мұндайға жол бермеу үшін, мәтіндерді қатаң қадағалайтын болады», - деп жауап берді «Эйр Астана» компаниясы корпоративтік коммуникациялар департаментінің менеджері Тілек Әбдірахымов.

Ал Ұлықпан Жолдасовтың жары бұған қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
51
5
8
6
1
18
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel