RU

Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобындағы Ердостың бейнебаянын жақтырмады

«Жігіттер» тобының әншілері 15 жылдықтан соң жеке-жеке ән айтып, өз өнерін жалғастыратындары жайлы айтқан болатын. Осы сөзді іспен дәлелдеп жүрген Ердос Қанаевтың жаңа бейнебаяны әріптесіне ұнамай қалды деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жігіттер тобы. Фото:Gakku
Жігіттер тобы. Фото:Gakku: UGC

Бағлан Әбдірайымов әріптесінің су жаңа бейнебаянын арзанқол туындылардың қатарына қосады екен.

«Таң қалдыратындай емес енді, кәдімгі ел жасап жатқан клип. Достарым ғой енді, ренжімейтін шығар. Өйткені расында да мен қазір локациясы күшті екен немесе мынандай екен деп көңілдеріне қарап, өтірік мақтап жатсам, ертең эфирден көргеннен кейін «қой, ондай клип емес қой» деп айтады», - деді Әбдірайымов.

Айта кететіні, бұл жолы Ердос Қанаев «Жігіттер» тобының репертуарына бірнеше трек тарту еткен композитормен дуэт жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718474-baglan-bdirajymov-zigitter-tobyndagy-erdosty-bejnebaanyn-zaktyrmady.html