RU
Танымал продюсер Қоянбаевтың "Түнгі студиясын" "тартып алған" ұлттық арнаны сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Танымал продюсер Қоянбаевтың "Түнгі студиясын" "тартып алған" ұлттық арнаны сынға алды

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық продюсер Жан Мұқанов Нұрлан Қоянбаевтан «Түнгі студиясын» тартып алған ұлттық арна басшыларын сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студиясын» тартып алған ұлттық арнаны сынап тастады

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студиясын» тартып алған ұлттық арнаны сынап тастады
Source: UGC

Бүгінде ұлттық арнадан қол үзіп, «Түнгі студиядан» кеткен Нұрлан Қоянбаевқа қатысты белгілі продюсерлер мен шоу бизнес өкілдері түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Еліміздегі танымал ивент агенттігінің басшысы Жан Мұқанов та өзінің telegram желісінде аталған жайтқа қатысты өз пікірін ортаға салған.

«Негізі, Нурик (авт. Нұрлан Қоянбаев) өз жобасымен «қимастықпен» қоштадасы деп ойлаған едім. Бірақ жаңылысыппын, керісінше қуанып жүрген сияқты. Әлде, сондай кейіп танытып жүр ме, белгісіз... Шыны керек, егер менің басымнан сондай жағдай өтсе мен сәл де болса қынжылатын едім. Арна не десе де және барлық құжаттары телеарнаға тиесілі болса да жоба авторлық емес пе? Сондай-ақ атына затына сай, бір ғана адамға яғни «Түнгі студия» Қоянбаевқа қатысты екенін атынан-ақ білініп тұрған жоқ па? Жобаны неліктен басқа атпен эфирде көрсете алмайтындарын түсіне алар емеспін.
Ал «Түнгі студия Қайрат Әділгереймен бірге» дегенді тіпті қабылдау мүмкін емес. Құлаққа түрпідей тиеді екен. Иә, иә, өтірік емес, бағдарламаның ендігі жүргізушісі сол болады дейді. Қызық таңдау. Мысалы бағдарламаға неге «Қайрат Әділгереймен түнгі әңгіме» деген атау қоймасқа? Сонда ғана, көрермен тарапынан қандай да бір түсінбеушілік орын алмайтын еді. Әйтпесе, біршама уақыттан кейін «бұрын Нұрлан болғанда керемет еді, қазір олай емес» деп шығатындар әлі-ақ табылады», - деп ағынан жарылған отандық продюсер.

Сонымен бірге продюсер, ұлттық арнадан көрсетілген «Әйел бақыты» мен «Бақытты әйел» жобаларын салыстырып өткен.

«Дәл сол сияқты «Әйел бақытының» көшірмесі іспетті QAZAQSTAN арнасы «Бақытты әйелді» көрермен назарына ұсынды. Бұл бағдарламаға да басқа ат бұйырса болатын еді. Себебі, екіншісі алғашқыға қарағанда мүлде өзге форматтағы, басқа жоба еді. Бірақ әттең, сол бұрынғыдай «артық қыламыз деп, тыртық қылдық». Десе де ол жағын продюсерлерге қалдырған жөн сияқты», - деп аяқтаған ол жазбасын.

Сіздің реакцияңыз
8
6
0
0
4
18
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel