RU
Қарағандылық студент ғашықтарды өрттен аман алып шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандылық студент ғашықтарды өрттен аман алып шықты

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 17 жастағы Алексей Шинкаревке құтқарушылар алғыс хат табыстап, Қазақстан республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің марапатына ұсынбақшы деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Алексей Шинкарев 19 ақпан күні Қарағанды облысында Шахтинскке жақын, Солтүстік-батыстағы ауылда өзімен көрші тұратын екі ғашықты өрттен құтқарып қалған.

Ол өз өміріне қауіп төнсе де, тәуекел етіп көршілеріне көмектесті. Алайда жігіт өзін ерлік жасадым деп санамайды екен.

Алексейдің анасының айтуынша, оның балалары барын салып, зардап шеккендерге көмек көрсеткен. Оның үлкен қызы жедел-жәрдепм қызметкерлерімен бірге өртене жаздағандардың жарасын таңыпты.

Еске салсақ, 19 ақпан күні Қарағанды облысында Шахтинскке жақын, Солтүстік-батыстағы ауылда екі адам тұратын жеке үй өртенген еді. Ол газ-ауа қоспасының жарылуынан болған. Салдарынан Даниил Ефимов пен Анна Шилина денесінің жартысынан көбін күйік шалып, ауыр халде ауруханаға түсті.

Қазір өрттен зардап шеккен жастар Мақажанов атындағы клиниканың реанимация бөлімінде жатыр. Олардың жақындары халықтан қан тапсырып, көмек көрсетуін сұрап отыр.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір