RU
Ақтөбелік жігіт арбаға таңылған аруды алып қашқан (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік жігіт арбаға таңылған аруды алып қашқан (фото)

Рассказать Вконтакте

Жас жұбайлар әуелі хат арқылы танысқан. Әлия Сағындықова мен жұбайы бір жылдай кездесіп жүріпті. Бірақ, сүйгені алып қашады деп ойламаған ақтөбелік ару бүгінде бақытты екенін айтты деп хабарлайды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбелік жұбайлар. Фото: Aktobegazeti

Ақтөбелік жұбайлар. Фото: Aktobegazeti

Кішкентайынан мүгедектік арбамен қозғалатын Әлия жұрт қатарлы орта білімді мектепте игеріп, әрі қарай оқуын жалғастыра алмаған. Бірақ оның өмірі 22 жасында күрт өзгереді. Ол майл-агент арқылы болашақ күйеуімен танысады.

«Бірде ғаламторда отырсам, бейтаныс жігіт хат жазды. Оның да сол мезетте «іші пысып» отырса керек, әңгімеміз бірден жарасып кетті. Есімінің Руслан екенін, өзінің 1987 жылы туғанын айтқан ол іле-шала телефон нөмірімді сұрады. Не деп жауап қайтаратынымды білмей, алғашында үнсіз қалғаным рас. Келесіде сол әңгіме қайта басталғанда, «Әуелі суреттерімді көрсеңші…» дедім. Интернеттегі парақшама арбамен отырған суреттерімді де жүктегенмін. Ол бәрін содан кейін ғана ұқты. Десе де, теріс айналған жоқ. Бұл жағдай біздің дос болуымызға кедергі емес екенін айтты», - дейді Әлия.

Арада үш ай өткенде жастар алғаш рет кездескен. Ал достықтан туындаған махаббатқа екі жастың ата-анасы үзілді-кесілді қарсы болады. Бұл қарсылыққа көнбеген Руслан Әлияны алып қашады.

«Екеуміз жалдамалы пәтерде тұрдық. Ол күн ұзағына жұмыста болады, мен үйде отырамын. Бір күні өзімді жайсыз сезініп, әлдебір ерекше күй кештім. Бұрын-соңды болмаған жағдайды өткеріп жатқанымды, денсаулығымда өзгерістің барын сезіндім. Кейін дәрігерге барып көрінгенімде, өзімнің жүкті екенімді білдім. Шыны керек, алғашқы үш айда өз-өзіме сенбей, мұны алдамшы дүниедей қабылдап жүрдім. Тек құрсағымда жан бары кәдімгідей байқалып, ол ішімде қозғалғанда, аяғымның ауыр екеніне көзім жетті», - деген арудың қуанышы ұзаққа бармаған.

Себебі дәрігерлер, мүгедек жанның бала тууы екіталай екенін, тіпті іштегі нәрестенің де жарымжан болып туылуы мүмкін екенін алға тартқан.

Ақтөбелік жұбайлар. Фото: Aktobegazeti

Ақтөбелік жұбайлар. Фото: Aktobegazeti

Өзіндік ауыртпалықпен басталған сол жас отбасы бүгінде біреуден ілгері, біреуден кейін ғұмыр кешуде. Бастысы, тұрмыстық тауқыметтерге бола екі жаққа бөлініп кетпеген. Отағасы қаладағы дүкендердің бірінде жүк тиеуші болып жұмыс істейді. Әлия баламен үйде отыр. Мемлекеттен денсаулығына байланысты 45 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы алады. Ал биыл үш жасқа толғалы отырған Абат шауып жүр.

Айта кетейік, Әлияның ендігі арманы Алматыдағы немесе Астанадағы мықты дәрігерлерге қаралу. Себебі, арбаға таңылған келіншектің қос аяғы жан сезе бастаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
0
7
104
14
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel