RU
Астанада қымбат көлігімен үш қызды қағып кеткен жігітке жеңіл жаза кесілді
Жаңалықтар Қоғам

Астанада қымбат көлігімен үш қызды қағып кеткен жігітке жеңіл жаза кесілді

Рассказать Вконтакте

Астанада "Керуен" маңында үш қызды көлігімен қағып кеткен ер адам сотталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада қымбат көлігімен үш адамды қағып кеткен жүргізуші жеңіл жазамен құтылды

Астанада қымбат көлігімен үш адамды қағып кеткен жүргізуші жеңіл жазамен құтылды

"Болат Молдағалиевке Қылмыстық кодекстің 345 бабы 2-тармағы бойынша көлік жүргізу құқығынан үш жылға айыра отырып, тоғыз айға бас бостандығынан айыру, 347 бап бойынша көлік жүргізу құқығынан үш жылға айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін", — деді №2 Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев.

58-баптың 2-тармағына сәйкес сотталушыға түпкілікті жаза бір жылға бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді.

Естеріңізге салып өтсек, 2017 жылдың 12 қарашасында "Керуен" СОСО аумағындағы көлік тұрағында Infinity жүргізушісі Болат Молдағалиев жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

Салдарынан үш қыз зардап шеккен болатын. Екеуі жеңіл-желпі жарақат алғанымен, 24 жастағы Әсел Рымханова ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, бір аптадан соң ғана есін жиған.

Жүргізуші Болат Молдағалиев кінәсін жартылай ғана мойындап, апат кезінде ұстамасы ұстап қалғанын алға тартты. Оқиғаның мән-жайы ер адамның есінде жоқ, бірақ апат орнын тастап кеткен жоқпын дейді.

Алайда тәуелсіз сот-психиатриялық сараптама нәтижесі жүргізушінің жол апаты кезінде ұстамасы ұстап қалғанын жоққа шығарды. Бұл тұжырымдамамен сотталушының адвокаты келіспей, сарапшының біліктілігіне күмән келтірді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
9
1
1
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір