RU
Сегіз жасар қызын ұстап тұрып зорлатқан ана жұрттың жағасын ұстатты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Сегіз жасар қызын ұстап тұрып зорлатқан ана жұрттың жағасын ұстатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Сегіз жасар қыздың анасы оны алты жыл бойы көршісі Серхио Хименеске зорлатып, бойындағы жынды қумақ болыпты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Сексуалды күш көрсетудің құрбаны болған жасөспірім алты жыл бойы күн сайын зорланып келгенін айтқан. Қыз сегіз жасқа келгенде анасы Селияға көршісі Серхио келеді. Әлгі азамат әйелге үйіңде жын бар деп қорқытыпты.

«Ол маған ешқашан ұнаған емес, ол үнемі үйге мас күйінде келетін. Бірде ол менің бойымда жынның бар екенін айтты. Біраз уақыт өткен соң анам оған сене бастады», - дейді атын жарияламауды өтінген қыз.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Селия қызының бойынан бөтен рухтарды қуып шығу үшін тіпті, көршісіне көмектесе бастаған. Ол қызды зорлауға келгенде, жәбірленушінің аяқ-қолын диванға байлап қояды екен.

«Кейде ол маған түнде ұйықтама дейтін. Мен оған қарсылық көрсете алмадым. Мұндай зорлықтың түні бойы жалғасатын кездері де болды. Ол кейде мүшеқаппен, кейде мүшеқапсыз жұмысын істей береді», - дейді қыз.

Нәтижесінде үздіксіз жыныстық қатынасқа түсе беріп, қыздың аяғы ауыр болып қалады. Дәрігерлер баланы алдырып тастау үшін оны Парагвайға жібереді. Осыдан кейін Селияның қылмысы ашылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Серхио болса қашып құтылған.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
11
10
55
17
3
25
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel