RU
Астанада әйелдер күресі Академиясының ашылу рәсімі өтті
Жаңалықтар Қоғам

Астанада әйелдер күресі Академиясының ашылу рәсімі өтті

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен Әйелдер күрес Академиясының таныстырылу рәсімі өтті.

Астанада қыздар күресінен

Академияның ашылу салтанатына Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің кеңесшісі Бақытжан Ордабаев, әйелдер күресі бойынша вице-президент Гузель Манюрова, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Анатолий Волоха қатысты.

Сонымен қатар, айтулы шараға бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев пен Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит, жеңіл атлетикадан Сидней олимпиадасының жеңімпазы Ольга Шишигина сынды ел спортынва еңбегі сіңген спортшыларымыз келіп, бойжеткендерге арналған Академияның тыныс-тіршілігімен танысып, жоғары бағасын берді.

Федерация басшыларының айтуынша Академияда балуандарға арналған арнайы асхана, жатын орындары, жаттығу залы, демалыс бөлмелері қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, бойжеткендеріміздің алаңсыз дайындалуына Федерация тарапынан барлық жағдай жасалған.

Академияның ашылу салтананын кейін Қайрат Сағадиев баптайтын Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы жаттығуларын бастап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 27-сі мен наурыздың 4 аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel