RU
Қазақстандық банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатпақшы
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстандық банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатпақшы

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың 1 наурызынан бастап екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтатады деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатпақшы

Қазақстандық банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатпақшы

Бірақ ескі үлгідегі банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында 2021 жылдың 28 ақпанына дейін айырбастауға болады.

Ұлттық банктің ақпаратынша, айналымда жүрген номиналы 1000 теңгелік естелік банкноттар заңды төлем құралы болып саналады.

Қазақстандық банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатпақшы

Қазақстандық банктер ескі 1000 теңгені айырбастауды тоқтатпақшы

"Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады", — делінген хабарламада.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
0
3
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір