Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 150-ге жуық полицейді жұмыстан шығарып жіберген

Опубликовано:

Алматыда 2017 жылы құқық қорғау органдарынан әртүрлі себептерге байланысты 148 полицей жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда 150-ге жуық полицей жұмыстан шығып қалды
Алматыда 150-ге жуық полицей жұмыстан шығып қалды: UGC

Алматы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исиннің сөзіне сүйенсек, былтыр 91 ашық және бес жабық тексеру жүргізіліп, жол полициясының 35 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2017 жылы: жазалау туралы 100 бұйрыққа қол қойдым, 659 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде құқық қорғау органдарынан 148 полиция қызметкері әртүрлі себептерге байланысты жұмыстан шығарылды, дәлірек айтсақ, учаскелік инспекторлар саны – 44, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша бөлім инспекторлары – 13, жол-патрульдік қызмет – 70, қабылдау қызметкерлері – 6 және басқалары", — деді Исин өңірлік орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, 2017 жылы жергілікті полиция қызметінде 2308 қызметкер жұмыс істеген.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718558-almatyda-150-ge-zuyk-policejdi-zmystan-sygaryp-zibergen/

pixel