RU
Ғалымдар теледидар өмірге аса қауіпті екенін айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар теледидар өмірге аса қауіпті екенін айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Теледидардың алдында ұзақ уақыт отыру көктамырдағы қанның ұюына себеп болады. АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдар теледидар өмірге аса қауіпті екенін айтып, дабыл қақты

Ғалымдар теледидар өмірге аса қауіпті екенін айтып, дабыл қақты

Дәрігерлер 24 жыл бойы 45-64 жас шамасындағы 15 мың америкалықтың денсаулығын бақылап, олардың қал-жағдайы мен өмір сүру салты туралы тұрақты сауалнама жүргізіп отырған. Осы уақыт ішінде 691 адам көктамырдағы қанның ұюы дертіне шалдыққан.

Сонымен бірге, теледидардың алдында едәуір көп отырған адамдардың кеселге 1,7 есе жиі шалдығатыны анықталды.

"Бұл зерттеу дене жаттығуымен тұрақты айналысатын адамдардың өзі ұзақ отыру, мәселен, теледидардың алдында сағаттап уақыт өткізудің ауыр зардап әкелетінін ұмытпауы тиіс екенін көрсетті", — дейді зерттеушілердің бірі Ясухико Кубота.

Көктамырдағы қанның ұюы аяқтағы тамырларды зақымдайды. Аурудан емделмеген жағдайда өкпе артериясы бітеліп қалып, соңы өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
2
2
2
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel