RU
Біртанов: Тегін берілетін дәрілердің барлығы қайда кетіп жатыр?
Жаңалықтар Қоғам

Біртанов: Тегін берілетін дәрілердің барлығы қайда кетіп жатыр?

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Біртанов

Министрдің айтуынша, ең алдымен дәрі-дәрмекке мұқтаж сырқаттардың санын нақтылау қажет.

«Биыл диспансерлік-созылмалы науқастар тізімін ретке келтіруіміз қажет. Биыл жүргізілетін цифрландыру жұмыстары дәрі-дәрмекке мұқтаж қанша сырқат бар екенін нақты көрсетіп бере алады. Жоспарлау мәселесін шешеміз деген үміттемін», - деді Біртанов Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы алқасының кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, министр дәрі-дәрмек жеткізу мәселесін енді болдырмау үшін жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Одан бөлек, Біртанов мырза емхана басшыларына науқастарға дәрі-дәрмектің толық берілуін қадағалауды, бюджеттің қаражатын тиімсіз пайдаланбауды тапсырды.

«Кей азаматтар емханалардағы деректер базасында дәріні алды деп көрсетіліп, шын мәнінде алмаған болып шығады. Бес жүз адамға хабарласып, дәріні алдыңыз ба сұраған едік. Көпшілігі алмаған болып шықты. Ол дәрілер қайда кетіп жатыр? Емханалардың бас дәрігерлеріне айтарым, бұл өте өзекті мәселе. Бюджеттің қаражатын тиімсіз және мақсатсыз қолдану оқиғасы болмасын», - деді министр.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
1
0
2
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір