RU
Шымкентте салмағы бар-жоғы 11 келі болатын он жасар қыз хал үстінде жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте салмағы бар-жоғы 11 келі болатын он жасар қыз хал үстінде жатыр

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер бес жылдан бері диагноз қоя алмаған он жасар Лаура Сағатова жан сақтау бөліміне түсті. Жеткіншек жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, тамақ түтікше арқылы беріліп жатыр.

Шымкентте салмағы бар-жоғы 11 келі болатын он жасар қыз хал үстінде жатыр

Шымкентте салмағы бар-жоғы 11 келі болатын он жасар қыз хал үстінде жатыр

"Анасы тұмаумен ауырған. Ал баланың ағзасы әлсіреп, тұншыға бастаған. Анасы жедел жәрдемді бір жарым сағат күте алмаған. Ақыры Шымкенттің балалар ауруханасына таксимен алып барған", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ерікті Анаргүл Әмірова.

Ауыр дертке шалдыққан Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жылдан бері нақты диагноз қоя алмай отыр. Анасының айтуынша, жылдан-жылға әлсіреп бара жатқан қызының салмағы 11 килограмм тартады екен.

Ерікті Анаргүл Әмірованың сөзінше, баланың туыстарына мәжіліс депутаты Зағипа Балиева көмектесуде. Қыздың анасы баласын Оңтүстік Кореяда емдеткісі келетінін айтады.

"Алматыдан Шымкентке екі маман ұшып келді. Аталған мәселе бойынша кеңес өтіп жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақталды", — деп толықтырды ерікті.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
6
0
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір