RU
Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
Жаңалықтар Әлемде

Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды деп хабарлайды prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Головкин-Альварес жекпе-жегі

Головкин-Альварес жекпе-жегі

5 мамырға белгіленген жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.

Бұл туралы Парламент мәжілісінің экс-депутаты Мұхтар Тінікеевке Головкиннің өзі телефон арқылы хабарлаған.

"Қазір ғана Геннадий қоңырау шалып, 5 мамырдағы жекпе-жектің күні белгіленгенін айтты, ол Лас-Вегаста өтеді!", — деп жазды Тінікеев Facebook-тегі парақшасына.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде өтті. Ол кезде 12 раундтық кездесу төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel