RU
Тозығы жетіп, сынның астында қалған Алматы-1 вокзалы жабылатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Тозығы жетіп, сынның астында қалған Алматы-1 вокзалы жабылатын болды

Рассказать Вконтакте

Бауыржан Байбек сынап, базарға айналды деп байбалам салған атышулы «Алматы-1» бекеті күрделі жөндеуге жабылатын болды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тозығы жетіп, сынның астында қалған Алматы-1 вокзалы жабылатын болды

Тозығы жетіп, сынның астында қалған Алматы-1 вокзалы жабылатын болды

10 жыл бұрын ғана түгелдей жаңартылған вокзалға тағы миллиардтар жұмсалғалы жатыр. Басшыларының айтуынша, санаулы жылдың ішінде нысанның тозығы жеткен. Тіпті, өрт қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілмепті. Сондықтан, құрылыс келесі жылы басталып, екінші рет жаңарған вокзал 2020-да пайдалануға берілмек.

Сырттай қарағанда су жаңа көрінген «Алматы-1» вокзалы әбден тозған дейді басшылары. Сөзіне сенбек, бекет жолаушылардың дегбірін қашыратындай күйде-мыс. Сондықтан, ішін де, сыртын да тез арада жөндеу қажет екен.

"Екінші, үшінші жолға өтетін конкорс-переход бар. Ол переходтар тоже ремонтты талап етіп тұр. Және біздің скамейкалар, отопление жөнінде тоже ремонттарды талап етіп тұр. Және пожарный, пожар қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек", - дейді Алматы-1 вокзалының бастығы Нұрдәулет Бекжанов.

Тар жерге қысылдық деп қызметкерлері де өкпелі. Айтуларынша, бекеттің іші қыста суық, ал жазда аптап ыстық.

"Вокзалдың іші, мен уже қаншама жылдан бері істеймін, суық. Қыстың күні өте суық, жаздың күні ыстық. Мыналардың бәрінен су ағады, ана жерлер көрініп тұр ғой, печеньелердің бәрі түсіп тұрған, соның бәрінен су ағады", - деп наразы болды анықтама бөлімінің кезекшісі Гүлайым Әбдиева.

Құлап жатқан жабындылар былтыр жаңадан жабыстырылған. Онысы да шала-шарпы жасалыпты. Ал, вокзалдың өзі 10 жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өтті. Іші де, сырты да миллиардтарға түгелдей жаңартылған болатын. Бірақ, мұндағылардың құрылыс сапасына көңілдері толмағанға ұқсайды. Өйткені, араға 4 жыл салып-ақ, тағы жөндеу жасатпақ болған. Тіпті, оның жобасына дейін дайындап қойыпты. Алайда, қаржы тапшылығы себеп болып, құрылыс осы кезге дейін жүзеге асқан жоқ. Ал, келесі жылы басталатын күрделі жөндеудің жобасы жазда дайын болады. Оған тағы қыруар ақша жұмсалмақ.

"Қанша сомма қаржы қаралатынын жылдың соңында белгілі болады. Но жобамемен 2019-2020 жылдарға, күрделі жөндеуге где-то 5 миллиард теңге қарастырылуда компаниямыздың атынан", - дейді Нұрдәулет Бекжанов.

Айта кетсек, бұл вокзалдан әрі-бері 43 пойыз жүреді. Ал, ол жабылса, бар азапты жолаушылар тартқалы тұр. Өйткені, темір жол көліктерінің қайда көшірілетінін ешкім білмейді. Екінші Алматыға ауысса, жолаушылардың сеңдей соғылысары анық. Ғимарат келесі жылы жабылып, 2020-да бір-ақ ашылады. Басшыларының сөзіне сенсек, жөндеуден соң, «Алматы-1» бекеті адам танымастай өзгермек. Тек оның қанша уақытқа шыдайтыны белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
4
0
2
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel