RU
Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 24 ақпандағы жарыс кестесі
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 24 ақпандағы жарыс кестесі

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 24 ақпан күні қазақстандықтар спорттың 2 түрінен сынға түседі деп хабарлайды "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 24 ақпандағы жарыс кестесі

Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 24 ақпандағы жарыс кестесі

Олимпиада ойындарының жарыс кестесіне сәйкес, қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден сынға түседі.

  • Шаңғы жарысы. Ерлер. 50 шақырым, классикалық стиль. Басталуы 11:00-де Қатысушылар - Алексей Полторанин, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Денис Волотка
  • Конькимен жүгіру. Ерлер. Масс-старт, финал Басталуы 17:45-те Қатысушы - Федор Мезенцев

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Алексей Полторанин қатысатын 50 шақырымдық шаңғы жарысында барлығы 21 спортшы бақ сынайды.

Отандасымыз Полтораниннің қарсыластары швейцариялық Дарио Колония, канадалық Алекс Харви, Финн Ииво Нисканен, норвегиялықтар Ханс Хрест Холунн, Мартин Джонсруд Сундби, Никлас Дурху және Эмиль Иверсен, ресейліктер Алексей Червоткин, Александр Большунов, Андрей Ларков және Денис Спицов, сондай-ақ швециялық спортшылар Даниэль Рикардссон және Калле Халварссон болмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір