RU
Ел болып үміт артып отырған Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Ел болып үміт артып отырған Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады. Ол бүкіл қазақстандықтар үміт артып отырған спортшы орын алмаса, өткен маусымдағы барлық айлығын қайтаруға уәде берді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Олимпиада-2018: Бүкіл ел үміт артып отырған Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады

Олимпиада-2018: Бүкіл ел үміт артып отырған Полтораниннің жаттықтырушысы тосын мәлімдеме жасады

«Алексей медаль алмаса, осы маусымдағы барлық айлығымды қайтарамын», - деп мәлімдеген Полтораниннің жаттықтырушысы Мати Алавер айды аспаннан бірақ шығарды. Эстониялық маманның пікірінше, спортшыдан бөлек оның жаттықтырушысы да жетістікке жетуіне жауапты.

«Спортта жаттықтырушының рөлі ерекше. Спортшымен жауапкершілікті теңдей көтеруі керек. Сондықтан, сенбі күні Алексей Полторанин медаль ұтпаса, осы маусымдағы барлық айлығымды қайтаратынымды мәлімдеймін», - деді Мати Алавер.

Айта кетейік, 50 шақырымдық жарыста сарапшылар Полторанинді фаворит деп топшылап отыр. Ақ олимпиаданың басталғанына екі аптадан асқанмен, айымыз оңынан тумай тұр. Әзірге қоржында жалғыз қола.

Медальдар көрсеткіші бойынша 27-ші орынға түстік. Алғашқы үштікте Норвегия, Германия мен Канада. Кеше шорт тректен өнер көрсеткен спортшыларымыз финалға өте алмай, көңіл көншітпеді. Қазіргі таңда, Полторанин 3-ші орында келе жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
6
2
5
14
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір