RU

Үміт ақталмады: Алтын күткен Полторанин үздік ондыққа да кірмей қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүкіл ел үміт артқан Алексей Полторанин Олимпиаданың басты сайысынан жеңіліп қалды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Олимпиада-2018: Бүкіл ел көз тіккен Полторанин ойда жоқта жеңіліп қалды

Олимпиада-2018: Бүкіл ел көз тіккен Полторанин ойда жоқта жеңіліп қалды

Бүгін Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық қашықтықта сынға түскен Алексей Полторанин сайыс бойы үшінші болып келе жатып, аяқ астынан 15-ші орынға бір-ақ сырғыды.

Мәреге 46 км қалған кезде оның жылдамдығы кенеттен бәсеңдеп, жеңісті спортшыларға қолдан берді.

Алтын медальді бірінші болып фин спортшысы Иво Нисканен алса, күміс және қола медаліне ресейлік спортшылары Александр Большунов пен Андрей Ларьков ие болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үміт ақталмады: Алтын күткен Полторанин үздік ондыққа да кірмей қалды
Mailfire view pixel