RU
Балалар балконнан құлап өлді: Сирияға кеткен қазақ әйелі елге жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Балалар балконнан құлап өлді: Сирияға кеткен қазақ әйелі елге жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ел асып Сирияға кеткен қазақстандық келіншек жерлестеріне сәлемдеме жолдады. Жат елде көмусіз жатқан адамдардың ит пен мысыққа жем болып жатқанын айтқан келіншек соғыс даласына келмеуді сұрап, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Балалар балконнан құлап өлді: Сирияға кеткен қазақ келіншек жанайқайын жеткізді

Балалар балконнан құлап өлді: Сирияға кеткен қазақ келіншек жанайқайын жеткізді
Source: UGC

«Жезқазғандық бауырларым, сендерге не айтайын… Мен сонау Сириядан сіздерге хабарлама қалдырып отырмын. Өзімнің ауызымнан естіңдер.

Бұл жерде мұсылман мемлекеті жоқ, ақидасы дұрыс емес. Бұл жерде қаншама қан төгіс болды. Жарылыс кезінде қаншама адам үйінді астында қалды. Бала-шаға, кемпір-шал…

Алла сақтасын, өліктерді жеп жатқан ит пен мысықтар. Оларға ешқандай дауля да, халифат та келіп көмектескен жоқ. Сол жерде бейбіт тұрғындардың өздері көмектесіп жатыр. Қазақтар үйіндінің астында қалды. Балалары балконнан ұшып, бастары, аяқтары сынып өліп кетті», - деген хабарлама қалдырған келіншек.

Ол Сириядағы қатыгез адамдар туралы олардың әрекеттерін айтып түсіндірген.

«Арабтар: «Сендер бұл жерге неге келдіңдер, жерімізден кетіңдер, бізге не істедіңдер, тұрып жатқан жерімізді құрттыңдар, қан төгіс қылмай кетіңдер» дейді. Дауляның ішінде ақша ұрлайтындар, өтірік жала жабатындар, бастарын кесіп жатқандар бар. «Жоқ» қылып жібереді, «жоқ» болып кетеді. Күйеулері жоқ болып кетеді. Оларды сатып жібереді, болды. Менің сендерге айтатын кеңесім, келмеңдер бұл жаққа. Тыныш қана ауылдарыңда құранмен пайғамбардың сүннетімен жүріңдер. Пайғамбардың кезінде мұндай қан төгіс болған жоқ. Ол кезде келісім, түсіністік болды»,-деген жазбада.

Соғыс даласында қалған әйелдің хабарландыруын облыстық мешіттер әлеуметтік желілерді таратуда.

Материал ҚР құқықтық заңнамасын қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату және өзге де мақсаттарда пайдалануға тыйым салынған.

Сіздің реакцияңыз
10
10
56
18
4
43
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel