RU
Мәскеу маңында үш қазақстандық азаматтың мәйіті табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Мәскеу маңында үш қазақстандық азаматтың мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Мәскеу облысының Чехов ауданында жүк көлігінен қазақстандық үш азаматтың мәйіті табылды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ер адамдар газдан уланып қайтыс болған деп хабарлайды Интерфакс агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәскеу маңында үш қазақстандық азаматтың мәйіті табылды

Мәскеу маңында үш қазақстандық азаматтың мәйіті табылды

Мәскеу облыстық Ішкі істер министрлігі НТВ телеарнасына хабарлағанындай, 24 ақпан күні ауылға келген адамдар қойма ғимараттарының аумағындағы тұраққа жүк көлігін қойыпты.

Ведомсвто қазақстандықтардың қайтыс болуының себебі - газды улану болуы мүмкін екенін алға тартқан. Себебі көлік салонынан жанармай құймасы мен алкогольді шөлмектер табылған.

Олардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды.

Қаза тапқандардың кім екені және оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны хабарланды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
1
3
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel