RU
Олимпиада ауылында көлік ұрлап ұсталған спортшы ұятқа қалды
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Олимпиада ауылында көлік ұрлап ұсталған спортшы ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Фристайлшы Дэйв Дункан және канадалық ресми тұлға Пхенчханда көлік ұрлады деген іске қатысты тергеліп жатыр деп хабарлайды Вaq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Олимпиада ауылында көлік ұрлап ұсталған спортшы ұятқа қалды

Олимпиада ауылында көлік ұрлап ұсталған спортшы ұятқа қалды

Бұл туралы CBC тілшісі Сьюзен Ормистон Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Дункан мен оның менеджерін Пхенчхан полициясы тергеп жатыр. Өйткені олар мас күйінде өзгенің көлігін айдап, Олимпиада ауылына жеткен. Көлікті кім айдағаны белгісіз», - деп жазды журналист.

Дункан Пхенчхандағы Олимпиадада ски-кростан кіші финалда төртінші орын алды.

Бұған дейін канадалық спортшы және оның менеджері Пхенчханда көлік ұрлады, оны мас күйінде айдады деген күдікпен ұсталған еді. Көлікте спортшының әйелі де болған.

Олимпиада-2018 ойындарының ұйымдастыру комитеті аталған жағдайды спортшы және Канада құрамасының ресми өкілі билік өкілдерімен шешіп жатыр деген мәлімдеме таратты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel