RU
Ресейліктер допинг дауы үшін өз туын тағы да ұстап шыға алмайтын болды
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Ресейліктер допинг дауы үшін өз туын тағы да ұстап шыға алмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) мүшелері Ресей туын қайтаруға қарсы дауыс берді. Осылайша, 25 ақпанда өтетін Пхенчхан олимпиадасының жабылу салтанатында Ресей спортшылары ХОК туымен шығады деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ресейліктер допинг дауы үшін өз туын тағы да ұстап шыға алмайтын болды

Ресейліктер допинг дауы үшін өз туын тағы да ұстап шыға алмайтын болды

Дауыс беру процесі 25 ақпанда Пхенчханда Халықаралық олимпиада комитетінің кезекті отырысында өтті.

ХОК олимпиада басталғанда "егер ресейлік спортшылары допинг ережесін бұзбаса жабылу салтанатына Ресей туының астында шығуы мүмкін" екенін ескерткен.

Ал Пхенчхан олимпиадасында ресейлік Александр Крушельницкий (керлинг) мен Надежда Сергееваның (бобслей) допинг сынамасы оң нәтиже берген.

Александр Крушельницкий жұбайы Анастасия Брызгаловамен бірге керлингтен микст жұп (ер және әйел) жарысында қола медаль алған болатын.

Олар қолаға таласта Норвегия жұбын жеңген.​ Қола медаль енді Норвегия спортшыларына берілуі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
1
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel