RU
Семейде түн ішінде адасып жүрген керең әрі мылқау бала табылды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде түн ішінде адасып жүрген керең әрі мылқау бала табылды

Рассказать Вконтакте

24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні қаланың сол жағалаудағы бөлігінде адасып жүрген бала табылды. Керең әрі мылқау болғандықтан, бала сұраққа жауап бермей, өзі туралы ешқандай ақпарат айта алмағандеп хабарлайды Семей қалалық Ішкі істер басқармасы.

Семейде түн ішінде адасып жүрген керең әрі мылқау бала табылды

Семейде түн ішінде адасып жүрген керең әрі мылқау бала табылды

Бала ойын жазып та жеткізе алмайтын болған соң, оның кім екенін, қайда тұратынын білу мүмкін болмапты. Оны тауып алған ер адам полиция бөліміне барған.

Ұл бала уақытша бейімдеу және кәмелеттік жасқа толмағандарды оңалту орталығына орналастырылған.

Содан кейін полиция қызметкерлері мектеп-интернаттар мен балалар үйінен адасып кеткен бала туралы сұрастырды. Бірақ ешкім ол туралы ештеңе білмейтін болып шықты.

Кенет қызметкерлердің бірі осы жылдың қаңтар айында дәл сондай жастағы керең әрі мылқау баланың ойыншық сататын дүкенге кіріп, сөредегі тауарларды жан-жаққа лақтыра бастағаны туралы жағдайдың болғанын есіне түсіріп айтып берді.

«Біз ол бала тұратын мекен-жайды біліп, үйіне бардық. Анықталғандай, табылған бала шынымен сонда тұратын болып шықты. Ата-анасы балаларында туғаннан бастап дамуына қатысты мәселелер болғанын, психиатриялық ауруханада тіркеуде тұрғанын айтты.
Олардың айтуынша, ол ата-анасының тілін алмайды және кей кездері үйден кетіп қалады екен. Түн ішінде кетіп қалса да, үйін өз бетімен тауып алатын кездері жиі болады», - дейді Семей қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әділбек Нығманов.

Ата-анасы балаларын өз күштерімен іздеп таппаққа әрекет жасаған, бірақ полиция қызметкерлері олардан жылдам әрекет еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
1
4
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір