RU
Ауа райы болжамы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман сақталады

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 25 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Ал республиканың оңтүстік-шығысында, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kazhydromet.kz

Фото: kazhydromet.kz

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады деген болжам бар.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді деп күтілуде.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз жел 18 м/с күшейіп, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының ей жерлерінде тұман күтіледі.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір