RU
Қысқы Олимпиада: 185 мың долларлық Қазақстан сыйақысы кімдерге тиесілі?
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Қысқы Олимпиада: 185 мың долларлық Қазақстан сыйақысы кімдерге тиесілі?

Рассказать Вконтакте

2018 жылғы қысқы Олимпиада аяқтала салысымен қазақстандық спортшылардың қайсысы мемлекеттік сыйақы алатыны белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Казахстан

Фото: Sputnik Казахстан

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы Қаулысы бойынша, Олимпиадаға қатысып, ең кемі алтыншы орын алған спортшы сыйақы ала алады. Биыл бұл тізімге Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, фристайлшы Юлия Галышева мен алтыншы орын алған шорт-тректен ерлер эстафета командасы ілінеді.

Юлия Галышева мемлекеттен 75 мың доллар алады. Ал шорт-тректен ерлер эстафета командасына (Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов) жалпы 20 мың доллар беріледі.

Одан бөлек, спортшылардың бапкерлері де сыйақы алады. Галышеваның медалі үшін бапкерлерге берілетін 75 мың доллардың 10 пайызы бірінші бапкеріне, 80 пайызы жеке бапкеріне, 10 пайызы осы спорт түрі бойынша Қазақстан құрама командасының бас бапкеріне беріледі.

Ал шорт-трекшілердің үш бапкеріне жалпы 15 мың долар беріледі. Қорыта келгенде биыл Қазақстан Олимпиадашыларға 185 мың доллар сыйақы береді.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
2
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір