RU
Түркияда радикалды ұйыммен байланысқан 16 қыз өлім жазасына кесілді
Жаңалықтар Әлемде

Түркияда радикалды ұйыммен байланысқан 16 қыз өлім жазасына кесілді

Рассказать Вконтакте

Ирактың қылмыстық істер соты Түркияның 16 азаматшасын радикалды ұйымның террористік қызметін ұйымдастарғаны үшін өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Borgenmagazine.com

Көрнекі фото: Borgenmagazine.com

"Ирактың орталық қылмыстық істер соты Түркияның 16 азаматшасының ісін тексере келе, олардың ДАИШ әрекетттеріне қатысы барын анықтады. Сот айыпталушы әйелдерді өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды", - делінген сот қаулысында.

Ирак Жоғарғы сот кеңесінінің төрағасы Абдель Саттар Биркадардың сөзіне сүйенсек, "айыпталушылар Ирак аумағына ДАИШ ұйымының мүшелеріне тұрмысқа шығып, оларға логистикалық қызмет көрсету мақсатында келгенін мойындаған". Спикер бұл жазаның әлі де толық нақтыланбағанын, алдағы уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтып отыр.

Бұдан бөлек, 20-50 жас аралығындағы ондаған түрік әйел абақтыға жабылды. Олар Иракқа өз жұбайларымен келіп, кейінірек күйеулері террорситік шабуыл кезінде қайтыс болған.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
3
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір