RU
Ақмола облысында ауыл әкімі мектеп оқушысын тепкілеп тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында ауыл әкімі мектеп оқушысын тепкілеп тастаған

Рассказать Вконтакте

Қорғалжың ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров оқушыны ұрып-соқты деп айыпталуда. Аталған іс бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Oninfo.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото әлеуметтік желіден алынды

Фото әлеуметтік желіден алынды

Оқиға Қорғалжың ауданында А.Төлеубаев атындағы орта мектебiнiң интернатында орын алған.

Жəбірленушінің анасының айтуынша, ауыл əкімі ұлын аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы Назгүл Нұртай өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Мен, Бекжанова Айгүл Қапанқызы 03.08.1981 ж.т. жәбiр көрушi анамын. Ұлым Мұқан Диас Төлегенұлы 11.01.2004 ж.т. Қорғалжын ауданы А.Төлеубаев атындағы орта мектебiнiң 8-сынып оқушысы. Ұлым Мұқан Диасды Қорғалжың ауылдық округi әкiмi Омаров Жанат Жұматайұлы (11.09.1982 ж.т.) соққыға жықты.

Бұл жағдай қалай болғанын басынан баяндайын:

22.02.2018 жылы ауыл әкiмiнiң, яғни, Омаров Ж.Ж. ұлы Жұматаев Нұрислам Жанатұлы (14.10.2005 ж.т.) мен менiң ұлым қоңырау кезiнде сөзге келiспей, шектiгiсiп қалып, Диас әкiмнiң ұлының көзiн көгертедi. Бiрақ мектеп iшiнде өзара директордың орынбасары және сынып жетекшiлерi екеуiн татуластырған.

Сабақ бiткеннен соң Диас сол мектеп жанындағы интернатқа кеп, түскi асын iшiп, кiтап оқуға кiрiседi. Кенеттен Омаров Жанат есiктен жұлқына кiрiп, «Диас деген кiм?» деп айқай салады. Диас орнынан тұра бергенде, «әне, ол» деген бiр баланың дауысы шығады. Омаров Жанат Диастың жағынан бiр салады, бала қасында тұрған шкафқа басын соғып, есiн жоғалтады. Жерге сұлап түскен баланы әкім басынан үш рет, кеудесінен бір рет тепкілеген.

Бала есiнен мүлде айырылып, тiлi күрметiлiп, тiлiн шайнай бастайды. Бiр бөлмеде тұратын балалар шошып, не iстерлерiн бiлмей тұрып қалған.

Сол жерде Диасқа медициналық алғашқы көмек көрсетiлiп, Қорғалжың аудандық ауруханасына сағат 13.00-де жедел жәрдеммен жеткiзiлдi. Ауруханада бала есiн бiлмей бiр тәулiк жатты.

Мен, анасы, ести сала ауруханаға барғанымда, баланың еш жерi сынбаған, «легкий степень сотрясение» деп анықтамасына жазып бердi. Сол жерде Қорғалжың АIIБ қызметкерi келiп, арыз жаздыртып алып кеттi.

23.02.2018 жыл кешкi сағат 22:00-де аурухана меңгерушiсiне айтып, Астана қаласына толық тексеруден өткiзуге алып кеттiм.

Астана қаласының №2 ауруханасына 23.02.2018 ж.сағат түнгi 12 шамасында келiп түстiк. Қазiр ұлым осы аурухананың нейрохирургия бөлiмiнде жатыр. Толық тексеруден өттi. Есiн емiс-емiс бiледi. Сөзге келдi. Жүре алмайды, басы айналады, жүрегi айниды.

Бүгiн, 25.02.2018 ж. нейрохирург дәрiгер тексерiсiнде балам саусағын мұрын ұшына апара алмады. Ендi дәрiгерлер дүйсенбi күнi томографияға басын түсiретiн болды.

Өзiм Қорғалжың ауданы, Екпiндi ауылы мектебiнiң мұғалiмiмiн. Бала ұрмақ түгiлi, қатты дауыс көтерiп ұрыса алмаймыз. Бұл жерде бiлдей бiр ауыл әкімінің ұлымды сонша тепкеніне бейжай қарап отыра алмаймын. Заң алдында жауапқа тартылсын.

Қазiр бұл iстi Қорғалжың АIIБ қарастырып жатыр. Астанаға келгенiмiзге бүгiн бiр тәулiк болды. Ешбiр полиция қызметкерi келмедi", - деп жазады ашынған ана.

Ақмола облыстық ІІД мәлімдеуінше, Қорғалжың ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровқа қатысты «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Бәрі анықталғаннан кейін ғана шенеуніктің ісіне қатысты нақты шешім шығарылады.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
43
1
9
1
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір