Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ жұлдызы казинода 80 мың долларынан айырылып қалған

Опубликовано:

Қапшағайдағы элиталы казинолардың бірінде жұмыс істеген қызметкерлердің бірі құмар ойынға салынып кеткен қазақ жұлдыздарының сорақы әрекеттері туралы айтты. Оның айтуынша, казиноға жастар ғана емес, халық төбесіне көтере құрметтейтін ел ағалары да жиі ат басын бұратын көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Казино қызметкері казинодан шықпайтын, қазақ жұлдызы туралы айтты
Казино қызметкері казинодан шықпайтын, қазақ жұлдызы туралы айтты: UGC

Айдын Қапшағай қаласында тұрады. Оның айтуынша, бүгінде жеке мемлекет секілді оқшау өмір сүретін қаладағы жастардың көбі казинода жұмыс істеп, жап-жақсы күнін көріп отыр. Оқу бітіргеннен соң казинодан басқа жерден жұмыс таба алмаған ол ондағы көрген "қызықтары" туралы баяндап берді.

"Қапшағайда оқу бітірген көптеген жастар үшін қалада казинодан басқа жұмыс жоқтың қасы деуге болады. Бір жағынан жалақысы үшін барады көбісі. Казинодағы жұмыс жаман емес. Уақытында жалақыңды береді. Айына 200 мыңнан астам ақша табуға мүмкіндік бар. Өз басым тек моральдық тұрғыдан ғана зардап шектім. Кезінде өзім идеал тұтқан кісілердің казинодағы әрекеттерін көріп, шыны керек, безіп кеттім", - дейді Айдын.
Казино қызметкері казинодан шықпайтын, қазақ жұлдызы туралы айтты
Көрнекі фото: UGC

Күзет қызметінің қызметкері небір "қызық" жайттарды көргенін айтып берді.

"Еліміздегі танымал айтыскер, ақындар, жазушылар мен әншілер казинода көптеп жүреді. Кәсіпкерлер былай тұрсын, небір байдың еріккен қыздары жүреді ғой. Бір күні елімізге танымал актер, елдің сүйіктісі 80 мың долларға ұтылып қалды. Қатты өкінді ғой деймін. Әйтеуір қатты ашуланып, сол жерде төбелес шығарып, бірнеше жігіт болып, әзер тоқтаттық. Бірақ бір аптадан соң қайта келді. Негізі көптеген клиенттер қомақты қаражатынан айырылып қалып, жанжал шығарады. Кезінде казинодан шықпаған отандық жұлдыздарымыздың көбі қазір намаз оқып, имандылыққа бет бұрып кеткен. Өкінетін сияқты көрінеді. Қаншама әрекеттеріне куә болдық қой. Ақшасын желге шашатын. Өз басым олар жұмсаған қаражатты аяймын", - дейді Айдын.

Оның айтуынша, Қапшағайдағы казиноларға кіру үшін төленетін ақы әр түрлі болады. Мәселен, арзан деген казиноларға кіру 50 мың теңгеден басталса, бай-бағландар баратын элиталы казиноларға бір рет кіру үшін 500 долларға дейін ақы төлеуің керек.

"Казиноға тек қана байлар барады деген өтірік әңгіме. Өзім талай жігіттердің үйін сатып, қолындағы барынан айырылғанын өз көзіммен көрдім. Өкініп, жылайтын күндері болады. Бірақ нәпсісіне қарсы тұра алмайды. Казиноға жаман, ескі көлікпен келіп, миллиондаған қаражатты қалтасынан шығарып жататындар бар. Оларға да таңғаласың. Сосын, небір адуынды, мықты қазақ қыздары да келіп жатады. Мен мұндай да әйелдердің бар екеніне біреу айтса сенбес едім. Бірақ кәдімгі қазақ әйелдері, жанына бірнеше жігіт ертіп келеді. Қылмыс әлемінің серкесі секілді көрінеді", - дейді Айдын.

Бүгінде казинода істей алмайтынын түсінген ол басқа жұмыс іздегенін айтады. Ақыры өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, Айдын бүгінде Қапшағай мен Алматы арасында жолаушылар тасып, күнін көріп отыр. Ал казиноға "қанша жерден жалақы төлесе де, аттап баспаспын" дейді жас жігіт.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басуға, таратуға немесе өзге мақсаттарға пайдалануға тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1718752-tanymal-kazak-zldyzy-kazinoda-80-my-dollarynan-ajyrylyp-kalgan/

pixel