RU
Әйелі үш баласымен тастап кеткен ақтаулық азамат жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Әйелі үш баласымен тастап кеткен ақтаулық азамат жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ақтау тұрғыны "қорлық көрдім" деп елді дүрліктірген әйелінің үш баласын тастап, басқа күйеуге қашып кеткеніне ашынды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Әйелі үш баласымен тастап кеткен ақтаулық азамат жанайқайын жеткізді

Әйелі үш баласымен тастап кеткен ақтаулық азамат жанайқайын жеткізді

Атырауда жасалған «64 жастағы кемпір мен 34 жастағы жігіттің тойы» деп желіде тараған беташар ғаламторды шулатқан болатын. Көп ұзамай басына орамал салған келіншектің құпиялары ашыла бастады.

Портал тілшісіне сұхбат берген келіншек күйеуі құлдықта ұстағанын айтса, жігіттің туыстары жолдасы жұмысқа кеткенде балаларын құлыптап, басқа еркекке қашып кеткен әйелді опасыз деп сөкті.

Гоззал Көшмұратова осыған дейін екі рет тұрмыста болағанын айтқан болатын. Оның 14 жыл бірге тұрған күйеуі бұрынғы әйеліне видео-салемдеме жолдаған.

«Мен оны 14 жыл сүйрегенде істеп отырғаны мынау, үш баланы тастап, үйдегі барлық құжаттарды ұрлап кеткен. Үш баласына жаны ашымаған ана. Үш баланы да отамен босанды. Оларды мамам адам қылып еді. Туған шешесі болып отырып тастап кетіп отыр», - дейді Гоззалды бұрыңғы күйеуі Кемаладин Әбутаев.

Қарақалпақстаннан келген Гоззал Көшмұратова атын Ару деп өзгерткен. Бұрынғы күйеуінің туыстары да келіндерінің әрекеттеріне күйініп отыр.

«Мына Камалладин Арудың күйеуі. Менің айтқандарымның барлығы шындық. Оның өзі айтып отырғандықтан мен жазып отырмын. «Мені ұрды, соқты» деп жалған ақпарат беріп жүр. Ол 15 жасында ауру шешесін тастап күйеуге шығып кеткен тасжүрек ана.

Бүгінгі күні үш баласын тастап кетіп отыр. Ертең сен онымен бақытты боламын деп ойлайсың ба? Біреуді бақытсыз қылып ешкім бақытқа жетпеген. Біз видеоны басқаларға сабақ болу үшін жасап отырмыз. Осындай арсыздар болмау үшін.

Неге менің бауырымнан артық жігіт таппадың? Жатақхананың бір бөлмесіне қыстырылып барып отырсың. Өздерің салған үйде үш балаңмен бірге тұрмадың ба?!», - дейді Гоззалдың бұрынғы күйеуінің туысы.

Материал Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басуға, таратуға, өзгертуге қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
25
5
7
6
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір