RU
Ирина Дубцова Қазақстан футболшысымен көңіл жарастырып жүр (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ирина Дубцова Қазақстан футболшысымен көңіл жарастырып жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ирина Дубцова жақында ғана өзінің 36 жасқа толған туған күнін Түркияның Белек қаласында өткізді. Оның жанында қазақстандық "Ақ Жайық" футбол командасының спортшысы Хабиба Эсеолу да болған деп хабарлайды starhit.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ирина Дубцова, Адеринсола Хабиба Эсеолу. Фото: instagram.com/dubtsova_official және xsport.ua

Ирина Дубцова, Адеринсола Хабиба Эсеолу. Фото: instagram.com/dubtsova_official және xsport.ua

26 жастағы спортшы Адеринсола Хабиба Эсеолу Украина да туып өскен. Оның ерекше есімін қара нәсілді әкесі қойыпты.

"Олар өте көңілді көрінді. Бір-бірін суретке түсіріп, бірге селфи жасады", - дейді олардың демалысына куә болған туристер.

Еске салсақ, Эсеолу қаңтар айынан бері Түркияда жарысқа дайындалып жүр.

Дубцова демалысын Regnum Carya Golf & Spa Resort деп аталатын, бір түні 100 мың теңге тұратын қонақүйде өткізген.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ғашығымен түскен бірнеше суретті жариялап, оның есімін жасырып қалуға тырысыпты.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір